ШҚО-да притон ұйымдастырған 50 жастағы әйел адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз еңбек және жыныстық қанаумен, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға тартуға байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай рейдтер барысында жалдамалы пәтерлер, монша кешендері, қонақ үйлер тексеріледі. Жыл басынан бері барлығы 3 факт анықталды. Жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды тартудың 1 фактісі және 24 жеңгетайлық фактісі анықталды.

Мысалы, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған, онда 20 жастан 35 жасқа дейін 5 қыз бала анықталды, олар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін.

«Статистика көрсеткендей, қыздардың көпшілігі «оңай ақша» табу үшін осындай қадамға барады және ІІМ есебіне қойылса да бұл оларды тоқтатпайды.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері күн сайын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, интимдік қызмет көрсететін адамдарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Осы жылдың басынан бастап осындай 27 сайт бұғатталды, ал онда өз сауалнамаларын орналастырған дар есепке қойылды», - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан хабарламада.