Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Қызылорда қаласында тұрғын үйдің ауласында тұрған жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жергілікті 112 құтқару қызметіне есік алдында тұрған «Volkswagen Tuareg» автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.
«Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі автокөлік өрті тұрғын үйге қауіп төндіргенін анықтады. Мамандар дереу іске кірісіп, өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіруге барлығы 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.
Айта кету керек, Қызылордада автокөлік өртену жағдайы жиі кездесіп отыр. Былтыр қауіпсіздік талаптары сақталмауы салдарынан 100-ден астам көлік өртенген.