27.12.2021, 22:27
Оқиғалар
Қостанай облысында қасқыр ауыл тұрғынына шабуыл жасады
Өлі қасқыр сараптамаға жөнелтілді
Фото ашық дереккөзден
Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды alau.kz.
Оқиға Наурызым ауданы аумағында, аудан орталығынан 40 шақырым жерде орын алған.
Қарамайшы ауылының 54 жастағы тұрғыны дәрігерлерге таңертең үйден шыққан кезде өзіне қасқырдың шабуыл жасағанын айтқан.
Көмек сұрап айғайға басқан жәбірленушінің дауысын естіп жүгіріп келген көршісі жануарды балтамен ұрып өлтірген.
Қасқырдың тісі батқан ер адамның екі қолы дәрімен өңделіп, қажетті екпелер жасалды және медициналық бақылауға алынды.
Өлі қасқыр облыс орталығына сараптамаға жіберілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды