Қарағандыда айыпталушы сот залында тамағын тіліп жібермек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үш жасар баланы өлтірді деп айыпталып отыр

Фото: tengrinews.kz

Шет аудандық Бұрма ауылында үш жасар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деп айыпталып жатқан сотталушы басты сот отырысында тамағын тіліп тастамақ болды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот отырысының соңында Игентай Сопыжанов судьяның рұқсатынсыз журналистерге мәлімдеме жасамақ болды. 

«Маған бірдеңе болып қалса, ІІД тергеушісі Сейдалиннен көріңіздер. Менің өліміме кінәлі сол», - деді ол.

Осы сөзін айта салып, ол мойнын әлденемен тіліп тастамақ болды. Алайда айдауылдар оның қолын қайырып, бірден сот залынан шығарып әкетті. Бұл Игентай Сопыжановтың осымен өзіне екінші рет қол салмақ болған әрекеті екен. Куәгерлердің айтуынша, ол сот залына лезвие алып кіріп, алқа билерді іріктеу бойынша бірінші отырыста өткізуге кедергі болған екен. Айдауыл оны бірнеше рет тексерген, тіпті бірнеше тілгіш затын алып қойған. Сол уақытта да, бұл жолы да сотталушы өзіне ауыр жарақат салмапты. Дәрігерлер оны қарап шығып, тілінген жерін тазартыпты. Бұдан кейін ол камерасына оралған. Ал өз мойнын орып жібергісі келген затын ешкім таба алмай қойыпты.