10.01.2020, 00:12
Оқиғалар
Оралда жол апатынан екі адам жарақат алды
Әбілқайыр хан даңғылында үш автокөлік соқтығысып қалған
Фото: ашық дереккөзден
Оралдағы Әбілқайыр хан даңғылында үш автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Kia» автокөлігі «Лада Приора» автокөлігімен соқтығысқан. «Лада Приора» екпінімен барып гаражға соғылса, «Kia» тоқтап тұрған «Hyundai»-ға соққан», - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнынан екі адамды қалалық көпбейінді ауруханаға алып кеткен. Олардың біреуі жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалған, оған қоса бес-алты қабырғасы сынған. Ал екінші адам жабық бас-ми жарақатын алған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды