Атырауда батарея жұтып қойған бала көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер баланы құтқара алмады

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда батарея жұтып қойған 11 айлық бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, дәрігерлер рентген арқылы ауруханаға түскен баланың ағзасында батарея тұрғанын анықтап, оны эндоскопия арқылы алып тастамақ болған. Дегенмен, бұл мүмкін болмады. Одан кейін жасалған операция да сәтсіз аяқталған. 

Бала жүрек және тыныс жеткіліксіздігінен көз жұмған.