Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент таратқан мәлімдемеге сүйенсек, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4-шағынаудандағы 30-үйде болған. Күшті жел («Қазгидромет» мәліметі бойынша екпіні секундына 23 метрге жеткен) бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірген. Үйдің жалпы ауданы – 1260 шарщы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр.
Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.