Қостанайда он күннен бері жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

43 жастағы әйел үйінен жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында 10 күннен бері жұмысқа кетіп қайтып оралмаған әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аlau.kz порталының мәліметінше, 13 желтоқсанда Жітіқара қаласының тұрғыны үйінен жұмысқа кеткен. Содан бері туыстары ол туралы ешқандай хабар ала алмай отырған көрінеді. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «Дос» және «10 аймақ» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері іздеу жұмыстары туралы ақпарат таратқан.

«41 жастағы Елена Собарь 13 желтоқсанда жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған. Оның үстінде қара түсті болонды күрте, сұр бас киім және аяғында угги етігі болған.

Еленаның белгілері: қой көзді, бойы 147 сантиметр, шашы сары түспен боялған», - делінген ақпаратта.

Елена Собарьды көрген немесе қайда екенін білетін кез келген адамнан төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды сұраймыз.