Өрт шыққан автобустан 6 оқушы эвакуацияланып үлгерген
Павлодар облысында балалар отырған автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққан автобустан 6 оқушы эвакуацияланып үлгерген. Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Ефремовка мен Даниловка ауылдарының арасындағы тасжолда өртке оранған автобустың жүргізушісінің көмегімен жолаушылардың бәрі сыртқа шығып үлгергені белгілі болды.
«Қызыл жалын өрт сөндірушілер келмей жатып өшірілді. Қолда бар өрт сөндіргіш құрал пайдаланылмаған. Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған», - делінген хабарламада.