Атырауда көліктің баланы қаққан сәті видеоға түсіп қалған
Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілер өткелдерінде 50 адамды көлік басып кеткен
Атырауда он жастағы қыз бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан сәтте көлік басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жаяу жүргіншілер өткелдерінде 50 адамды көлік басып кеткен.
«Оның ішінде 41 адам түрлі дене жарақатын алған», – деп атап өтті облыстық ПД бастығы Қамза Үмбетқалиев.
22 желтоқсанда қалада 10 жасар екі баланы көлік қағып кеткен.
«Сағат 12:30-да Канцева көшесіндегі N13 мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota Ipsum көлігі 10 жасар қызды қағып кетті. Дәл осындай оқиға сағат 8:00-де Баймұханов көшесінде болған. ВАЗ-21099 көлігін басқарған 44 жастағы жүргізуші 10 жасар баланы қағып кеткен. Соққы нәтижесінде ол жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін сақтауды сұрайды.