Қызылордада өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға орынына өрт сөндірушілер жеткенше, баспананың төбе жабындысы толықтай жанып кетіпті. Ал күлі көкке ұшқан үйдің ішінен 59 жастағы ер азаматтың мәйіті шығарылған.

Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты.

«Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың өлі денесін алып шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметі.