Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің басын тіліп жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Шиелі аудандық аурухана мамандары бұл ақпаратты растап отыр

Фото: pandaland.kz

Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың басын тіліп алған. Бұл жағдай  Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Кесарь тілігімен босану кезінде құрсақтағы сәбидің басы тілініп кеткен. Әлеуметтік желіде жарияланған  жазба авторы осылай дейді. Шиелі аудандық аурухана мамандары да оны растап отыр.  

Аурухана басшылығының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде шара қолданған. Қазір ана мен баланың денсаулығы қауіп жоқ екенін айтады.  

«Әйелге бір жыл бұрын ғана кесарь тілігі бойынша операция жасалған. Сондықтан жатырдың қабырғалары жұқарған. Жатырды скальпельмен кескенде терінің беткі қабатына баланың маңдайы тиіп кеткен. Бұл жерді хирург пен неонатолог дер кезінде емдеген», – деді Қызылорда облысы Шиелі аудандық ауруханасының өкілдері.