Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Ер адам алкогольдік мас күйде болған. Ол өзінің бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні сағат 18.17-де полицияға «ер адам 17 мектепті жарып жібергісі келеді» деген шақыру түскен.
«Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді. Сағат 19.58-де тексеру аяқталды, жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1977 жылы туған павлодарлық анықталып, ұсталды», - деді департамент өкілдері.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.