Ақтөбе облысында абақтыдағы күйеуіне смартфон бермек болған әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Әйелдің қалтасынан СИМ-картасы жоқ смартфон табылып, тәркіленген

Ақтөбеде алаяқтық жасап, қамауға алынған күйеуіне смартфон беріп жібермек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 қауіпсіздігі аралас мекемесінің тексеру кабинетінде 1993 жылы туған азаматшаны тексеру кезінде оның қалтасынан СИМ-картасы жоқ смартфон табылып, тәркіленген.

Әйел алаяқтық жасамақ болып тұтылып қалып тергеу абақтысында отырған күйеуінің қоғамдық қорғаушысы екен.

Аталған факт бойынша азаматшаны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды.