Ер адамға қатысты іс әкімшілік сотқа жолданды
Атырауда жүргізуші бір күнде 3 көлікке соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 желтоқсан күні сағат 21:22 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына 51 жастағы әйел қоңырау шалып, Қабдолов көшесінде Toyota Highlander автокөлігін белгісіз қара түсті автокөлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Он минут өткен соң тағы екі қала тұрғыны қоңырау шалып, қара түсті Mercedes автокөлігі олардың көліктерін соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігін айтқан.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бес әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.