Ақтөбе облысында мұнай қалдықтары құйылған резервуардан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнай қалдықтарына арналған резервуар ішінде су араласқан мұнай болған

© instagram/aktobe_zello

8 қаңтар күні кешке қарай Ақтөбе облысындағы Жаңажол ауылындағы көлемі 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резеруардан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға қарасты ЖМГК (Жаңажол мұнай-газ кешені) мұнай зауытының аумағында болған.

«Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Мұнай қалдықтарына арналған резервуар ішінде су араласқан мұнай болған», – делінген баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге өрт қызметінің 8 техникасы және 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан ТЖД қосымша күші, яғни тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілген.