$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2020, 22:14
Оқиғалар

ШҚО-да құтқарылған кенші ауруханада жатыр

Сокольный кенішінде тау жынысы қопарылып, бір кенші шыға алмай қалған болатын

ШҚО-да құтқарылған кенші ауруханада жатыр

Екі күн бұрын Риддер қаласындағы Сокольный кенішінде тау жынысы қопарылып, бір кенші шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Екі тәулікке созылған құтқару жұмыстары нәтиже беріп, Михаил Никулин құтқарылды. Ол қазір Өскемендегі облыстық аурухананың оңалту бөлімінде жатыр.

Жалпы, өңірдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпорын жұмысшылары арасында жазатайым жағдай азаймай тұр. Былтыр 212 маман қызмет барысында жарақат алып, 14 адам көз жұмған. Еңбек қауіпсіздігін қорғау инспекторлары аймақтағы кәсіпорындарды тексере келе, 858 заңбұзушылықты анықтаған еді.

«Өзіме бір қолайлы үңгір таптым. Қолымдағы құрал-саймандардың көмегімен сол жерді кеңітіп, сонда паналадым. Бірақ өте қатты суық болды. Өмірімде бұлай тонған жоқ шығармын. Өйткені, үңгірге жету үшін бірнеше рет суық суды жүзіп өтуге мәжбүр болдым», - дейді кен бұрғылаушы Михаил Никулин.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #шахта