Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда
Ақтөбе облысында мұнай компаниясының жұмысшылары мінген көлік аударылып, 7 адам зардап шекті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Апат Темір ауданының аумағында болды. Кен орнынан кешқұрым Кеңқияқ ауылына қарай бағыт алған «Камаз» жүк көлігі жолдан ауып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Жүргізуші және көліктегі 6 жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.