19 жасар қыз бір ай бұрын да биіктен секірмек болған
Атырауда 19 жастағы бойжеткен Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.
Ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті. Университеттің хабарлауынша, ол қыз жақсы оқыған, белсенді болған, қоғамдық шараларға қатысқан.
Сонымен қатар, бойжеткеннің бір ай бұрын да өзін-өзі өлтіруге тырысқаны белгілі болды. Ол кезде де 19 жасар қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секірмек болған. Бірақ оны байқап қалған күзет қызметкері дер кезінде қызды тоқтатып үлгерген.