Оқиғаның мән-жайы тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады
Қапшағайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"ҚХР азаматының денесін 11 желтоқсанда іздеу жүйелері демалыс орындарының бірінде, "Заря Қапшағай" саяжай қоғамының жанында тапты. Өлімнің себебін тергеу анықтайды", - делінген әлеуметтік желідегі жарияланымда.
Айта кетейік, 1970 жылы туған Қытай азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған. Ол 27 қарашада туыстарымен байланысын тоқтатқан соң оған іздеу жарияланды. Ер адамды іздеуге еріктілер көмектесті.