Алматыда мектеп оқушысы 20-қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді

Фото ашық дереккөзден

Алматыда мектеп оқушысы "Манхеттен" тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға, бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста. Оның жанынан оқушы сөмкесі табылған.

Полиция бұл фактті растады.

"Бұл іс сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол салуға жеткізу"  бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді", - деді Алматы полициясындағылар.