Қостанайлық әйел ұлына қол көтерген танысын пышақтап тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды

Қостанай облысына қарасты Қарасу ауданында әйел ұлына жұдырық жұмсаған танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қарасу ауданындағы Железнодорожное ауылының 30 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салу дерегі бойынша аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

«Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, 46 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйде жәбірленушіден өш алу мақсатында (жәбірленуші бұған дейін оның ұлын ұрып-соққан) пышақтап кеткенін анықтады. Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген ПД хабарламасында.