09.12.2021, 03:27
Оқиғалар
Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол көрінбей қалды
Шаңды дауыл Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында болған
Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, Жетібай-Шетпе тасжолы құм аралас желден көрінбей қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Автокөлік жүргізушілері әлеуметтік желіге бұл туралы хабарлап, видеолар салып жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, өңірдегі барлық трассалар ашық, ешқандай жол апаты тіркелмеген.
Шаңды дауыл тек Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында болған. 8 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығы туралы тұрғындарға хабарлама жіберілді. Онда желдің жылдамдығы секундына 19-22 метрге жететіні айтылған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды