Қайғылы оқиға 7 желтоқсан күні түнгі сағат 23:00 шамасында болған
Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды. Апаттан зардап шеккен тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 желтоқсан күні түнгі сағат 23:00 шамасында болған.
«Алматы-Өскемен тасжолының 71-шақырымында «Mercedes-Benz 814» көлігі солтүстік бағытпен келе жатып, бағдаршамда тұрған «Toyota Caldina» көлігіне соғылған. Соның салдарынан «Toyota Caldina» көлігінің 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ сол көліктің 33 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - делінген ПД хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, «Toyota Caldina» көлігі тоқтауға рұқсат етілмеген жерде тұрған.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3- бөлігіне сәйкес тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.