Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкенттік полицейлер жер телімін алдап сатпақ болған азаматшаны қолға түсірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция басқармасына Қаратау ауданының тұрғынынан бейтаныс азаматшаның жер телімін сатамын деп 5 000 000 теңгесін алып, қашып жүргені жөнінде арыз түскен.
Сатылуы тиіс болған жер қаламызға қарасты «Ынтымақ» шағын ауданында орналасқан көрінеді. Ауызша келісімшарт арқылы құжаттарын алдағы уақытта рәсімдеп беретінін айтқан азаматша ақшаны алғаннан соң хат хабарсыз кеткен.
Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты, ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.