Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды
Есірткі заттарын сату мақсатында аса ірі көлемде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде
Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты.
«Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні кейіннен сату үшін сатып алғаны анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ірі көлемдегі марихуана есірткісін Жамбыл облысынан әкеліп отырған», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Күдіктінің көлігін полицейлер қалаға кіреберісте бөгеп тастаған. Жеке тінту барысында «марихуана» және «шишка» тұқымдары табылып, тәркіленді.
«Есірткі жеткізушілерді жою бойынша арнайы іс-шара Жамбыл облысында өтті. Басып алу тобы пайда болған кезде үй иелері есіктерін құлыптап, заттай айғақты дәретханаға ағызып, жоюға әрекеттенген. Бірақ бекер. Рұқсат етілген тінту кезінде жасырылған марихуана тұқымдары, ұнтақ түріндегі есірткі заты бар капсулалар және 160 дана тегіс ұңғылы шолақ мылтығының патрондары, 60 қолдан жасалған патрон, бірнеше қолдан жасалған аңшылық пышақ, мылтық патрондары табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, ерекше иісі бар металл ыдыстары да тәркіленді. Үйдің ауласынан 18 гүл құмарасымен есірткі өсірілетін жылыжай табылды», – деді Е. Әлмағамбетов.
Есірткі заттарын сату мақсатында аса ірі көлемде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.