Ол газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты
Жол апаты Павлодар облысы Ертіс ауданы Ынтымақ ауылының маңында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 желтоқсан күні сағат 18.30-да Ленин - Русская Поляна автожолының 136 шақырымында «Ауди-80» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция қызметкерлері автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті.
Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.