Қазір әлеуметтік желіде жігіттің суреті мен ол туралы мәлімет таратылуда
Атырауда 21 жастағы жігіт қалалық полиция басқармасы ғимаратынан шыққан соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 қарашада болғанн. Сол күні жас жігітті полиция қызметкерлері жауап алуға шақырған. Алайда оның қылмыстық іс бойынша куәгер немесе жауапталушы ретінде өткені белгісіз.
"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, дәлізде біраз отырған жігіт сыртқа шығып кеткен. Содан соң байланыс болмаған. Анасының айтуынша, ол соңғы рет 30 қараша күні кешкі сағат 19.00 шамасында сөйлескен соң, артынша телефоны өшіп қалған.
Қазір әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен ол туралы мәлімет таратылуда. Полиция қызметкерлері жоғалған азаматты іздестіріп жатыр.