Шымкент полициясы жалдамалы пәтерден табылған қыздардың өлімі туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада тәуліктік пәтерлерге тексеріс жүргізіліп жатыр

Шымкентте соңғы екі аптада екі рет қайталанған қайғылы жағдайдан кейін полицейлер тәуліктік пәтерлерге тексерісті күшейтті, деп жазады otyrar.kz.

Шымкентте 25 және 30 қарашада жалдамалы пәтерлерден екі қыздың денесі табылды. Алғашқысы 22 жастағы бойжеткен болған. Қан-жоса боп жатқан оны бірінші болып сол үйдің иесі көрген. Қазір бұл іс бойынша күдікті ретінде 31 жастағы әйел адам ұсталды.

Ал 1998 жылы туған екінші қыздың денесі 30 қарашада анықталды.

«Есік құлыптаулы болған. Ішінде адам мәйіті табылды. Терезенің барлығы жабық болған. Қайғылы жағдай болған ол жерде…», - деді Шымкент қаласы ПД бастығы Ералы Жұмахамбетов.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды

Қала бойынша жалдамалы пәтерлердің нақты санын салық мамандары айта алмады. Жалпы тәуліктік пәтерлерде әйелдердің өлі күйде табылуы Шымкентте алғаш рет емес. Осы жылдың 25 ақпанында да қала аумағындағы пәтерлердің бірінен 35-40 жастағы әйелдің денесі табылған болатын.