$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2021, 14:00
Оқиғалар

Елордада көпірден секірмек болған бозбала құтқарылды

2003 жылғы азамат Сарыарқа ауданының полиция басқарамасына жеткізілді

 

Елордада көпірден секірмек болған бозбала құтқарылды

Елордалық ұландықтар көпірден секіргісі келген жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында болған. Патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз еркімен өмірмен қоштасқысы келген жігітті құтқарып қалды. Ер жігіт Есіл өзеніндегі көпірден секіргісі келген.  

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Хәкімжан Сарбасов және патрульшілер Максим Рюмина және Роланд Арапиевпен бірге өзен бойын жағалап келе жатып, Сарыарқа көшесінің бойындағы көпірден «Өмір сүргім келмейді, өлгім келеді» деген жігіттің дауысын естиді.  

«Көпірден секіргісі келген жігітті көріп, біз дереу соған қарай асықтық. Жігіт«Radisson» қонақүйінің қасындағы көпірде тұрды. Осы уақытта ол қоршаудың арғы жағына өтіп үлгерген еді. Жас жігіт көпірден секіріп суицид жасағысы келді», - дейді ұландық жауынгер Хәкімжан Сарбасов.

Әскери қызметшілер азаматпен сөйлесіп, оны бастапқы ойынан бас тартуға шақырады. Осы сәтте жақында кетіп бара жатқан басқа да тұрғындар азаматтың оқыс қылық жасамауын өтінген. Кейін ұтымды сәтті пайдалана отырып, әскерилер мен азаматтар өмірі қыл үстінде тұрған жігітті көпірдің арғы жағынан алып шыққан. Содан соң оны жұбатып, әскери жасақтар бойынша кезекшіге тапсырады.  

2003 жылғы азаматқа қатысты қарай мән-жайды анықтау үшін ол Сарыарқа ауданының полиция басқарамасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары