Оның жасы 18-де болған
Ақтауда кемеде теңізшінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі tumba.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 18 жастағы жігіттің «Қазақстан» кемесінде асылып қалғанын хабарлады.
Жігіттің денесін тапқан кеме кезекшісі жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына барған дәрігерлер теңізшінің қаза тапқанын анықтаған.
Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Істі Ақтау гарнизонының әскери полициясы қарастыруда.