$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2021, 12:25
Оқиғалар

«Әйелім көңілдесімен бірге»: Павлодарда ер адам әйелінің үстінен полицияға арыз түсірді

Павлодарда жұбайымен ренжісіп қалған ер адам полиция көмегіне жүгінді

«Әйелім көңілдесімен бірге»: Павлодарда ер адам әйелінің үстінен полицияға арыз түсірді

Павлодарда 44 жастағы ер адам «Торайғыров көшесінде әйелі көңілдесімен бірге пәтердің есігін ашпайды» деп полицияға хабарласқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрсетілген мекенжайға келген полицейлер пәтерге қоңырау шалғанда есікті жұбайының өзі ашты.

Бұл күні ерлі-зайыптылар қатты ренжісіп қалғаннан кейін әйелі анасына кетіп қалған. Ол күйеуінің телефон қоңырауына жауап бермеген.

Өз кезегінде ер адам әйелімен ренжісіп қалғанын түсіндіріп, одан ашуын қалай алатынын білмей, полицияға қоңырау шалудан басқа ешнәрсе ойына келмегенін айтты. Күйеуінің мұндай әрекетін жұбайы кешірмей, үйіне қайтарып жіберген.

Полицейлер ер адамға алдағы уақытта мұндай хабарлама бермеу керектігін түсіндірді. Алдағы уақытта мұндай әрекеті үшін қолданыстағы заңнама аясында жалған қоңырау бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары