Өрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды
Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Первомайка аулында болған.
«Өрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды», – деп мәлімдеді аудандық ТЖ бөлімі.