Жануарларға арналған тауарлар дүкенінде есірткі сақтаған азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінге тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елорда тұрғыны жануарларға арналған тауарлар дүкенінде жасырын есірткі сатқан, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қылмыскер қызметтік иттерді адастыру үшін есірткіні иттерге арналған тамақтың арасына жасырған.

Тәртіп сақшылары дүкеннен 11,5 келі ескірткі заттарын тауып, тәркіледі.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, есірткі сатушы бес сыбайласымен келісе отырып әрекет еткен.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінге тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚК-тің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыскерлердің үстінен іс қозғалды. Осыған сәйкес олар 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді ол.