Қайғылы оқиға кезінде көлікте екі адам болған
Қызылордада Сырдария өзеніне көлік құлап кетіп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Департаменттің хабарлауынша, көлікте тағы бір жолаушы болған. Ол өз бетімен судан шығып, аман қалды. Ал жүргізушіні құтқарушылар көліктен шығарғанда ол жан тапсырып үлгерген.
"Бүгін таңғы сағат төрттер шамасында Қызылорда қаласындағы Рисмаш ықшамауданында көлік Сырдарияға құлап кетіп, оның ішінде ер адам қалып қойғаны туралы хабарлама түсті. Су астындағы іздеу жұмыстары сағат 4-те басталды", - делінген департамент хабарламасында.
Белгілі болғандай, оқиға кезінде көлікте екі адам болған, 1994 жылы туған жүргізуші көліктен шыға алмай қалған. Екініші адам көліктен түсіп, жағалауға жетіп үлгерген.
"Көлік судан шығарылды, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды. Су астынан іздеу жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техника мен бір жүзу құралымен қатысты", - дейді ТЖД.