26.11.2021, 10:02
Оқиғалар
Екібастұзда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында қызды қағып кетті
Автобус арнайы айып тұрағына қамалды. Тексеру жүріп жатыр
Фото: pavlodarnews.kz
Екібастұзда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кетті. Қазір көлік айып тұрағында, полиция тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
25 қарашада сағат 14:42-де музыка мектебіне қарама-қарсы №6 маршрутпен жүретін «Вольво» маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі 2013 жылы туған қызды қағып кетті, ол жолдың жаяу жүргіншілер өтетін тұстан өтіп бара жатқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Автобус арнайы айып тұрағына қамалды. Тексеру жүріп жатыр.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)