Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтан заттай айғақтар тәркіленіп алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қала аумағындағы электрондық казиноны ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотталған 1993 жылы туған азамат В. Зайцев заңсыз түрде «X.O. CLUB» (электрондық казино) атты ойын мекемесін ашып, 25 млн теңгеден астам кіріс алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Үй-жайды тексеру кезінде департамент қызметкерлері тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалармен бірге, 46 бірлік компьютерлік техниканы, атап айтқанда, ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындарын тәркіледі.
В.Зайцев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.