24.11.2021, 04:16
Оқиғалар
Оқуға түсіріп беремін: Шымкентте алаяқ өзгенің 600 мың теңгесін иемденіп кетті
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Шымкентте алаяқ тұрғынның 600 мың теңгесін иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бейтаныс азаматшаның сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін иемденгенін жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Аталған жайт бойынша Абай ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, басқармаға жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)