Зейнеткер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
Өскемен тұрғыны төбесі құлаған үйден бір апта бойы шыға алмай қалды, деп хабарлайды Altaynews.
22 қарашада 112 арнасына ер адамның бірнеше күн бойы үйінен шықпай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-құтқару отряды мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үйдің ішінен 71 жастағы ер адамды алып шықты. Анықталғандай, баспананың төбесі опырылып түсіп, үй иесі сынықтар мен құлаған заттардың астында қалып қойған екен. Осылай жатқанына шамамен бір апта уақыт болған.
Зейнеткер жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, бірден ауруханаға жеткізілді.