Атырау – Астрахань тасжолындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады – әкім жауабы
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетұлы жауап берді
Атырау – Астрахань тасжолы проблемасы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Атыраулықтардың айтуынша, жол нашар, апатты күйде, әрқашан шаң басып жатады. Жалпы, жол жөндеу жұмыстары қашан бітеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетұлына осындай сұрақ қойылды.
«Биыл Ақтөбе-Атырау бағытындағы жол құрылысының өңірімізге тиесілі бөлігі 100% аяқталды. Жыл соңына дейін көлік қозғалысы ашылады. Ал Ақтөбе – Астрахань тасжолына келсек, оның жалпы ұзындығы 270 км. 1-кезеңде Ресей мен Құрманғазы ауылына дейінгі 60 км жол құрылысы бітті, асфальт салынды, қалған 217 км жол 4 мердігер компания арасында бөлініп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселе мынада, жол құрылысына пайдаланылатын топырақтың ішінде гипстің үлесі жоғары екендігі анықталып, технологияны өзгертуге тура келді. Қазіргі кезед жобалық-сметалық құжаттамаға тиісті өзгеріс енгізіліп, сараптамадан өтуде. Бұл жол құрылысы уақытының ұзаруына әкелді. Бұл жолдың құрылысы біздің бақылауымызда», - деді облыс әкімі өз жауабында.
Атырау-Астрахань тасжолының құрылысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.