$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2021, 22:55
Оқиғалар

Қостанай облысында 5 адам ыстан уланып көз жұмды

Өңірде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 6 мыңдай отбасы дабылдағыш құрылғысына мұқтаж

Қостанай облысында 5 адам ыстан уланып көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Жылыту маусымы басталғалы Қостанай облысында иіс тиген бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хбар24» арнасына сілтеме жасап.

Мұндай оқиғалардың жиілеуіне пештегі ақаулар мен қарапайым қауіпсіздікті ескермеу себеп болып отыр. Мәселен, тұрғындардың басым көпшілігі мұржаларын дұрыс тазаламайды. Ал оның соңы кісі өліміне әкеліп жатады. Қазір құтқарушылар жер үйлердің пеш құбырларын тазалап, улы газдан қорғайтын құрылғыларды тегін орнатып жатыр.

Құтқарушылар тұрғындарға жылыту құралдарын қолданудың қауіпсіздігін жиі айтқанымен, пеш мұржаларын тазартуда олар немқұрайлық танытып жатады екен.

«Осы демалыс күндері облыс аумағында екі адам өрттен қаза болды. Негізгі себебі – отты абайсыз пайдалану және электр жылыту құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу», - деді ТЖД Бас маманы Әлжан Қадыржанов.

Жылыту маусымы басталғалы бері 200 үйг е улы газдан қорғайтын құрылғы тегін орнатылған. Жалпы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 6 мыңдай отбасы дабылдағыш құрылғысына мұқтаж.

Серіктес жаңалықтары