Қаскелеңде 3-қабаттан секіріп кетпек болған жүкті әйел құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өмірмен қош айтысқысы келген жас келіншектің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз

instagram.com/ulysmedia.kz

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында жүкті әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат Instagram желісінде жарияланған. Белгілі болғандай, жүкті келіншек перзентхананың үшінші қабатынан секіріп өлмек болған. Алайда дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып қалған.

Өзіне қол салып, өмірмен қош айтысқысы келген жас келіншектің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз мәліметінде.