Алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысында әйел зейнеткердің атынан 1,6 млн теңге несие алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қарашада Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 67 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер белгілі бір азаматтың оның атына 1 миллион 600 мың теңге көлемінде несие рәсімдегені туралы айтқан. Ал оны банкке қарыз екенін несиені төлеу туралы талаптар түсе бастағанда білген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні – жәбірленушінің танысы болып шыққан 40 жастағы әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.