Атырау облысында полицейлер мал іздеп жүріп, есірткі тауып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі шөбін заңсыз сақтағаны үшін осы ауданның 46 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінде 1 келіге жуық марихуана шөбі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Бұл деректі полиция «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын қарап тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуана шөбі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, өзі пайдалану үшін сақтағанын айтты», - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен («Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.