Таразда 18 жастағы жігіт қайырымдылық қорабын ұрлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті өз кінәсін толық мойындады

Фото ашық дереккөзден

Таразда 18 жастағы жігіт қайырымдылық қорабын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында жұмыс жасайтын қайырымдылық қорларының бірінің 71 жастағы директоры 1-полиция бөліміне хабарласып, Орталық базардағы автовокзал ғимаратының күту залында орналасқан қайырымдылық қорабын белгісіз тұлғаның ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

18 қарашада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Тегтер: