Оқушылар арасында өзіне қол салғандардың көшін Сайрам ауданы бастап тұр
Түркістан облысында 10 айдың ішінде 60 оқушы өз-өзіне қол салған. Оның 34-і көз жұмды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар Түркістан оқушылар арасындағы суицид бойынша республикада көш бастап тұрған өңірлердің бірі екенін айтты. Шенеуніктер биыл балалардың өз-өзіне қол салып, көз жұму дерегі былтырғымен салыстырғанда көбейіп кеткенін айтты.
«2021 жылдың 10 айында 60 бала өз-өзіне қол салды. Оның 34-і қайтыс болды. Ал былтыр 71 бала суицид жасап, 30-ы көз жұмды», - деді басқармадағылар.
Оқушылар арасында өзіне қол салғандардың көшін Сайрам ауданы бастап тұр. Онда биыл 7 бала суицидтің құрбаны болған. Ал Ордабасы ауданында 5 оқушы өмірмен қош айтысқан.
Басқармадағылар оқушылардың неліктен өзіне қол салатыны ғылыми тұрғыда әлі зерттелмегенін, әртүрлі жағдайлар себеп болатынын айтты. Басым көпшілігінде отбасылық мәселелер екен.