Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында
Алматыда отбасылық жанжалдан кейін 34 жастағы әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды.Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Ресми мәлімдемеге сүйенсек, жантүршігерлік оқиға Наурызбай ауданында болған.
"Отбасылық жанжал салдарынан 34 жастағы әйел ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі ізін суытпай ұсталды", - деді Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.