Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған ресейлік жігіт ата-анасына видеоүндеу жолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Жігітті күштеп ұстаған азамат қамауға алынды

Әлеуметтік желіде Қазақстанда құлдықта жүргеніне 20 жыл болғанын айтқан ресейлік жігіт ата-анасына видеоүндеу жолдап, көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода ер адам Ярослав облысының тумасы екенін айтып, өзін Алексей Котовпын деп таныстырды. Айтуынша, ол Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде құлдықта жүр.

Ресейлік жігітті зорлықпен ұстаған 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Айта кетейік, Ресей елшілігі де аталған істі өз тексеруіне алды.