Көктөбеде батуттан құлаған баланың сүйегі 9 жерден сынған

Автор: Azattyq Rýhy

13 жастағы жеткіншекке ота жасалды

Дәрігердің сөзінше, аттракцион арқылы әуеде қалықтап ойнамақшы болған бала 4-5 метр биіктіктен жерге құлап кеткен.

«Баланың денесінде сынық көп екені анықталды. 4 омыртқасында компрессиялық сынық, сол жақ білек сүйегінің сынығы, оң жақ табан сүйегінің сынығы. Сол жақ аяғында екі бірдей тобығы, сонымен бірге табан сүйегі де сынған.  Қолы мен аяғына ота жасалды. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты», – деді Балаларға  шұғыл көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов

Еске салайық, оқыс оқиға Көктөбе демалыс орнында 2 қаңтар күні болды.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы