Алматы облысында бір отбасы батпақты суға көлігімен бірге батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 14 қарашадан бастап байланысқа шықпаған

Алматы облысында Үштөбе қаласына барар жолда батпақты суға батып кеткен көлік табылды. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде хабарланды.

Алдын ала болжам бойынша олар Алматы қаласынан шыққан. Ал Талдықорған деген жазуы бар маңайдан өткеннен кейін байланысқа шықпаған. Өзге мәліметтер әлі анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша бұл отбасы 14 қарашадан бастап із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Кешеден бері із-түссіз жоғалып кеткен бір отбасының адамдарды, Үштөбе трассасының бойындағы батпақтың ішінен автокөлікпен бірге табылды. Үш адам мерт болды», - деп жазылған Instagram парақшада.